Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

Ақтөбеде мектеп оқушысын өлтірген күдікті ұсталды

2019 жылғы 28 қаңтар 15:36 1905
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде мектеп оқушысын өлтірген күдікті ұсталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде мектеп оқушысы Мирасбек Дәулетияр пышақ жарақатынан көз жұмды. Қылмыстық іс қозғалып, 2002 жылы туған тағы бір мектеп оқушысы өз кінәсін мойындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласында мектеп оқушысы аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды.  Дәрігерлер қан көп кеткенін, өмірін сақтап қалу мүмкін болмағанын айтты. Ал бүгін облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

«26 қаңтар күні аудандық ауруханаға 16 жастағы жасөспірім пышақ жарақатымен жеткізілді. Ол кеуде тұсынан алған жарақаттан сол күні көз жұмды. Күдікті ретінде Шалқар қаласының 17 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол өз кінәсін мойындады. Қазір Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалды, - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ал қаза болған Мирасбек Дәулетияр оқыған мектеп директоры Әлия Оспанованың айтуынша, оқиға 26 қаңтар күні сағат 19:00 шамасында болған. Шалқар көліндегі мұз айдынында оқушылар топ болып, төбелескен.

«Екі мектептің оқушылары арасында төбелес болған. Сөз көтере алмаған сияқты. №6 орта мектептің 10 сынып оқушысы қалтасындағы пышақты сұғып алған. Біздің мектептің оқушысы реанимациялық үстелде көз жұмды», - деді І.Үргенішбаев атындағы орта мектеп директоры Әлия Оспанова. Қайтыс болған Мирасбек Дәулетияр бокспен шұғылданып, жүлделі орындардан көрініп жүрген. 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT