Ақтөбеде мектеп оқушысы туберкулезге шалдықты

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 4 сынып оқушысынан құрт ауруы анықталды. Оқушылар түгел тексеруден өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Орта мектеп оқушысынан құрт ауруы анықталуына байланысты манту сынамасы берілді. 2-11 сынып оқушылары рентгенге, флюорагрофияға түсіп жатыр. Бұл мектепте 1 мың бала оқиды десек, оның тең жартысы манту сынамасын алды. Сол жартысының 30 пайызында манту сынамасы істі. Ол оқушылар зертханалық тексеруден өтіп, фтизиатор дәрігерге қаралады», - деді № 4 Ақтөбе қалалық емханасының бөлім меңгерушісі Гүлбақыт Қоңырова.

Айта кетейік, мектеп мұғалімдері жаңа оқу жылына кіріспес бұрын медициналық тексеруден өткен. Ал мектепке санитарлық тазалық жұмысы жүргізілді.

Соңғы жаңалықтар