Ақтөбеде мектеп оқушысы суға батып кетті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы, Хромтау ауданындағы Ор өзеніне мектеп оқушысы батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Хромтау ауданы, Бөгетсай ауылы маңындағы Ор өзеніне 13 жастағы бала суға батып кетті. Хабарлама ата-анасынан түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барды.

«Оқушы суға шомылып жүріп батып кеткен. Денесін жергілікті тұрғындар судан алып шыққан. Бала су қоймасында ата-анасымен бірге болған. Су айдындағы балалар өмірінің қауіпсіздігі көп жағдайда ата-анаға байланысты. Табиғи және жасанды су айдындарында демалғанда балаға судағы қауіпсіздік ережесін мұқият түсіндіру керек» - деді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.
Жыл басынан бері Ақтөбе облысының су қоймаларында 4 бала суға батып кетті.


Соңғы жаңалықтар