Ақтөбеде мектеп оқушысы өз-өзіне қол жұмсады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 13 жастағы жасөспірім өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақтөбе қаласында 30 қыркүйек күні кешкі уақытта кәмелетке толмаған 13 жастағы оқушы өз үйінде асылып қалған. Жасөспірім үйінің үлкені, анасымен бірге тұрған. Әкесі бірнеше жыл бұрын қайтыс болған. Бала ешқандай есепте жоқ, мұғалімдері жақсы мінездеме берді», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 105 бабы, 3 тармағы бойынша, яғни, өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бабымен тергеу жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар