+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

Ақтөбеде мектеп оқушысы мұғалімін сотқа берді

2017 жылғы 6 наурыз 14:23
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде мектеп оқушысы мұғалімін сотқа берді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде мектеп оқушысы мұғалімін сотқа берді. Ұстаз Қылмыстық кодестің «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» бабы бойынша сот алдында жауап беруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы №2 сотында оқушы мен ұстаз арасындағы дау қаралып жатыр. №10 мектеп оқушысының әжесі Гүлмираның айтуынша, мұғалім ағылшын тілі, би үйірмелеріне қатысып, ақша төлемегені үшін үнемі немересін жазғырып, кейде қол көтерген. Ата-ана алғашқы жылдары елемей, оқушы қыздың сөзіне мән бермейді. Кейін бас-ми жарақатын алып, оқушы 20 күндей балалар ауруханасында ем қабылдады.

«Үнемі ұрып, немеремді қыспаққа алған екен. Ақша жинаса, біз мектепте жинауға болмайтынын айтып, кейде бермейміз. Сол себепті жаман аты шығып, мұғалім қырын қарай бастаған. Соңында бала «бас-ми шайқалуы» диагнозымен ауруханаға түсті. Сол кезде жиналыс болды, қалалық білім бөлімі келіп, қарады, мұғалім Мадина Жұмабаеваны басқа мектепке ауыстырды. Ал немереме енді сыныптастары «сенің кінәң бар, мұғалім кетіп қалды» деп тиісіп, шеттетіп жатыр. Бала оқуға құлықсыз, жан-жақтан қысым бар»,- деді оқушының әжесі Гүлмира. Оқиғадан соң мектеп мұғалімі Мадина Жұмабаева ата-анадан кешірім сұрап, сотқа бермеуін өтінген. Бірақ жәбірленуші тарап денсаулыққа зиян тигізіп, баланы моральдық қиындыққа душар еткен ұстаздың білім ордасында жұмыс істеуіне қарсы болып отыр.

Жәбірленуші тарап сот отырысы кезінде бейне, аудио дәлелді алға тартып, ауруханада алған медициналық анықтама арқылы өздерінің арызын дәлелдеп шықпақ. Олар білім саласындағы олқылықтар туралы прокуратураға да арыз түсіруді көздеп отыр. Сот отырысы 14 наурыз күні болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT