+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Ақтөбеде мектеп директорлары жол апатына түсіп, екеуі көз жұмды

2021 жылғы 20 маусым 12:26
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде мектеп директорлары жол апатына түсіп, екеуі көз жұмды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жол апаты болып, екі мектеп директоры көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде көлік қаққан велосипедші ауруханада көз жұмды Алматыдағы көлік жүргізушілеріне ескерту жасалды Қызылордада каналға құлап кеткен көлік ішінен екі адам табылды

Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға кеше сағат 20:20-да болған. Ойыл ауданының 102 телефонына Ойыл-Қобда автожолының 156 шақырымында көліктің аударылғаны туралы хабарлама түсіп, салонда жүргізушіні қоса алғанда 4 әйелдің болғаны айтылды.

«Тoyota Land Cruiser Prado көлігігің жүргізушісі Ойыл ауылынан Қобда ауылына қарай бағыт алып, жол қозғалысы ережесін бұзып, көлікті басқара алмай қалған. Автокөлік сол жаққа қарай аударылды. Нәтижесінде жүргізуші мен бір жолаушы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі жолаушы бірнеше жарақатпен Ойыл аудандық орталық ауруханасына жатқызылды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды»,- деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, көлік жүргізушісі де, жолаушылар да Ақтөбе қаласындағы мектептердің директоры. Қазір зардап шеккен екі әйел ауруханада жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT