Ақтөбеде мектеп автобустары жаңа оқу жылына қаншалықты дайын

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе қаласында бірнеше мектептің оқушысы тасымалданады. Бүгін облыстық полиция департаменті автобустардың техникалық жарамдылығын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы бойынша оқушыларды тасымалдауға арналған барлығы 43 автобус бар. Оның 18-і биыл жаңартылуы тиіс.

Сөйтіп алдағы екі жылда балаларды мектепке, мектептен үйге тасымалдайтын автобустар жаңаланады.

«Мектеп автобустары жеті талап бойынша тексерілді. Автобустың екі есігі де ашылып, «Абайла балалар» жазуы, арнайы белгісі болуы қажет. Сары түсті ескерту белгісі орнатылып, екі өрт сөндіру құрылғысын алып жүруі тиіс. Сонымен бірге екі дәрі-дәрмек қобдишасы сұралады. Мұның бәрі балалар қауіпсіздігі үшін арналған шара», - деді облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Әлиев.

Өңірдегі мектеп автобустарының 80 пайызы балаларды тасымалдауға дайын. Өзгесінде кішігірім техникалық қателіктер бар.

Полиция қызметкерлері нұсқама берді.

Ақтөбе қалалық білім бөлімінің хабарлауынша, қаладағы 85 мектептің 25-інде балалар тасымалданады.

11-і мектепте өз автобусы болса, өзгесі жалдамалы.

«Әрбір автобуста мектеп тәрбиешісі болады. Олар баланың қауіпсіздігіне жауапты. Алдағы уақытта жалдамалы мектеп автобустарының орнына жаңасын сатып алу сұрағы қаралады», - қалалық білім бөлімінің бас маманы Ұлжан Орынбаева.


Соңғы жаңалықтар