Ақтөбеде майдангердің үйінің алдында оркестр ән шырқады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде әскери оркестр 95 жастағы ардагердің үйінің алдында соғыс жылдарының әндерін орындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін ҚР Ішкі істер министрлігі М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты және Талғат Бигелдинов атындағы әуе қорғанысы күштері әскери институты соғыс ардагеріне құрмет көрсетті. Облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері ұйымдастырған шара кезінде әскери институт оркестрі өнерін ұсынды. Олар Ақтөбе қаласындағы Шернияз көшесінде тұратын соғыс және ішкі істер органдарының ардагері Михаил Диденкоға барды. Оркестр соғыс жылдарындағы әндерді орындады. Ал ардагер әнді балконда тұрып тыңдады.


«Біз жыл сайын соғыс ардагеріне құрмет көрсетеміз. Бұл, жас ұрпақтың парызы деп есептейміз. Қазір санитариялық талапты сақтау маңызды. Сондықтан соғыс әндері тек аула ішінде орындалды. Биыл ардагер 95 жасқа толды. Ол Қызыл жұлдыз орденімен, бірнеше медальмен марапатталған», - деді облыстық ПД Кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары Бауыржан Максимов.

Айта кетейік, Ақтөбе облысында биыл соғыс ардагерлеріне 2 миллион теңге бөлінді. Өңірде барлығы 20 ардагердің көзі тірі.


Соңғы жаңалықтар