Ақтөбеде май зауытынан өрт шықты

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде Хромтау ауданы, Жазық станциясындағы май зауытынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін жергілікті уақытпен сағат 08:43-те Хромтау аудандық өрт сөндіру бөліміне Жазық станциясындағы май зауытының өртеніп жатқандығы туралы хабарлама түсті.

«Сағат 09:17-де аудандық өрт сөндіру және төтенше жағдайлар бөлімінің жеке құрамынан 32 қызметкер, 7 техника, сонымен бірге Хромтау қалалық мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бөлімінен 5 адам, 1 техника жіберілді. Май зауытының газ кептіргіші өртенді. Алдын ала ақпарат бойынша, зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда. Өрт сөндірушілер әлі зауыттағы жалынды сөндіріп жатыр», - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар