Ақтөбеде мәслихат депутаты шын мәнінде жоқ малға заңсыз субсидия алған

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында аудандық мәслихат депутаты шын мәнінде жоқ малға заңсыз субсидия алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ірі көлемде жасалған алаяқтық фактісі бойынша аудандық мәслихат депутатына қатысты Қаржылық мониторинг агенттігі Ақтөбе облыстық департаменті сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

«Шаруа қожалығы атынан шын мәнінде жоқ болған малға субсидия алуға өтініш берген. Сондай-ақ, бұл азамат «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ 600 бас ірі қара мал сатып алуға берген несие қаражатын заңсыз алған.

Осылайша, жалпы шығын көлемі 457 миллион теңгені құрайды. Қазіргі уақытта бұл азамат ұсталып, оған қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды», - деп жазды ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар