Ақтөбеде мас болған жүргізуші әйел уақытша оқшаулағышқа қамалды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде көлікті мас күйде басқарған әйел уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«28 қараша күні полиция қызметкерлері 46 жастағы әйелдің басқаруындағы «LADA Largus» автокөлігін тоқтатты. Анықталғандай, жүргізуші көлікті «жеңіл» дәрежедегі мас күйде басқарған. Аталған факті негізінде ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлігі (КҚ басқару құқығынан айырылған адамның КҚ басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Әйел Ақтөбе қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осыған байланысты Ақтөбе облысы Полиция департаменті азаматтарды алкогольдік және есірткілік масаң күйде транспорт құралдарын басқармауды сұрайды және ескертеді. Сіздің ойластырылмаған әрекеттеріңізден кінәсіз адамдар зардап шегуі мүмкін», - делінген полиция ақпаратында.


Соңғы жаңалықтар