Ақтөбеде мәнерлеп сырғанаудан ел чемпионаты басталады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - 18 желтоқсанда Ақтөбеде мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан біріншілігі басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат olympic.kz сілтеме жасап. 

Ел чемпионатына өңірлерден 60-қа жуық спортшы қатысады. Олардың қатарында спорт  шеберлігіне үміткерлер мен спорт шеберлері де бар. 

Қазақстан чемпионатында ұлттық құрама мүшелері - Айза Имамбек, Рахат Бралин және Алана Тоқтаровалар да бақ сынайды. 

Еске сала кетейік, Алана Тоқтарова мен Рахат Бралин Загребтегі халықаралық турнирде қола медаль жеңіп алған болатын. 

 

Соңғы жаңалықтар