Ақтөбеде малшыны байлап, қой ұрлаған қарақшылар ұсталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде медициналық бетперде киген үш адам шаруа қожалығының жұмысшысын байлап кетті. Қарақшылар көп ұзамай ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полицияға қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы ақпарат түсіп, жедел ұстау шарасы өтті.

«Медициналық бетперде киген адамдар шаруашылық жұмысшысын пышақпен қорқытып, кейін екі қолын байлаған. Екі қойды алып кеткен. «Ваз» маркалы көлікпен белгісіз бағытқа кетіп қалды. Жедел ұстау шарасы кезінде Ақтөбе қаласының Ақжар елдімекенінен «Ваз 21012» маркалы көлік тоқтатылды. Көліктен қой мен бетперде табылды. Осы іске қатысты Қылмыстық кодекстің «Қарақшылық» бабы бойынша іс қозғалды», - деп хабарлады облыстық полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар