Ақтөбеде малдардың неден уланғаны белгілі болды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат -Ақтөбенің Хромтау ауданы, Қопа ауылында шаруа қожалығындағы ірі қарадан ауру анықталды. Қожалық басшылығы малдың улануына шөптің әсері бар екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, асыл тұқымды ірі қара өсіретін «Актеп» ЖШС-де 100-ден астам малдың көзі жойылды. Мүйізді ірі қарадан ауру анықталып, ветеринар дәрігерлер бірнеше сынама алды. Бұл жағдайға байланысты шаруа қожалығының иесі өз ойын әлеуметтік желі арқылы білдірді.

«Менің шаруа қожалығымдағы ірі қара малды мәжбүрлі түрде союға тура келді. Ірі қара өлексесі көмілді. Малға жем-шөп беретін аумақ түгел бақылауға алынып, тексерілді. Жем-шөптің бір бөлігі мен сойылған малдан сынама алынып, ветеринарлық лабораторияға жөнелтілді. Нәтижесінде ірі қара малдың уланғаны, ағзадан алколоид анықталды. Улы шөптен шығын болды. Негізі шаруашылыққа жем-шөпті жұмысшылар дайындайды. Қазір шаруашылықта ішкі тексеру жұмысы басталды. Құқық қорғау органдарына арыз жазылды. Зерттеуді қажет ететін малдың бір бөлігі тоңазытқышта сақтаулы тұр. Бұл ірі қараның еті базарға түскен жоқ, сатылайды»,- деді «Ақтеп» ЖШС-нің директоры Оразақ Самұратов.

Соңғы жаңалықтар