Ақтөбеде мал іздеуге шығып, жоғалып кеткендер табылды

Редактор:  
Асхат Райқұл

Ақтөбеде мал іздеуге шығып, жоғалып кеткендер табылды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында құтқарушылар жедел іздестірудің арқасында жоғалып кеткен екі ер адамды тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖМ-ге сілтеме жасап.

«4 ақпанда сағат 20.00 шамасында 112 құтқару қызметіне Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Тоғыз ауылдық округінің 71 разьезінен 2 ер адам мал іздеуге шығып, оралмағаны туралы хабарлама келіп түсті.

Жедел іздестіру нәтижесінде 23 сағат ішінде құтқарушылар күшімен елді мекеннен 15 шақырым қашықтықта жоғалған 39 және 23 жастағы екі ер адам табылды», - деп жазды ведомстводан.




Серіктестер жаңалықтары