+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.71 EUR 429.17
RUB 6.02 CNY 54.66
Jańalyqtar

Ақтөбеде лифт ішінде қаза болған келіншек журналист болған

2018 жылғы 5 сәуір 14:47
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде лифт ішінде қаза болған келіншек журналист болған

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде лифт ішінде қаза болған Айзат Әбдісамат жергілікті «Ақтөбе» арнасында балалар бағдарламасы мен таңғы бағдарламаны жүргізген. Журналистің әріптестері оның ақкөңіл, кеңпейіл болғанын айтып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, үш жастағы қызымен бірге лифтіге мінбек болған 28 жастағы келіншектің аяғы белгісіз себептермен есікке қысылып қалған. Лифт жүріп кетіп, аяғын жұлып алған. Айзат Әбдісамат көмек жеткенше сол орында көз жұмды.

«Ол кеше сағат 21:00 шамасында қызымен бірге лифтіге мінбек болған. Есігі толық ашылмай қалса да, кішкентай қызы ішке еніп кеткен. Ал анасы оның қауіпсіздігі үшін артынан ере ұмтылғанымен, ішіне кірмей жатып, есігі жабылып қалған. Айзат оқиға орнында қаза болды. Үш жастағы қызы дін аман», - деді «Ақтөбе» облыстық телеарнасының тақырыптық хабарлар бөлімінің аға редекторы Бибігүл Биманова.

Оның айтуынша, Айзат Әбдісамат «Ақтөбе» арнасына 5 жыл бұрын келген екен.

«Алматыдағы ұлттық университеттің журналистика факультетін бітіріп келіп, таңғы бағдарламаға жүргізуші болып қабылданды. Бұрын балалар журналына жазып жүрген тілші таңғы бағдарламамен қатар, арнайы балалар бағдарламасын ашты», - дейді Бибігүл Биманова.

Әріптестері Айзат Әбдісаматтың өте ақкөңіл, кеңпейіл болғанын айтып отыр. Ол тұрмысқа шыққан соң балалы болып, үйде отырған.

«Ол ақкөңіл болды. Тірі болғанда мамыр айында 28 жасқа толар еді. Қызы да 3 жасқа енді келіп отыр», - деді Бибігүл Биманова.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ақтөбе облысы, Қоғам, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT