Ақтөбеде лаңкестікке қарсы іс-қимылдар пысықталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде екі күн бойы терроризмге қарсы күрес оқу-жаттығуы өткізілді. 

Барлығы 32 техника мен 500 қызметкер қауіпті жағдай кезіндегі іс-қимылды пысықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы  оқу-жаттығу кеше басталып, бүгін Тұңғыш Президент атындағы орталық саябақта жалғасты. Барлығы 32 техника мен 500-ден астам полиция қызметкері, арнайы жасақ қатысты.

«Облыстағы терроризмге қарсы күрес жедел штабы екі күн бойы оқу-жаттығу өткізді. Алғашқы күні «Дина» супермаркетінде, кейін тұрғындар көп шоғырланатын Тұңғыш Президент атындағы саябақта, облыстық Ішкі істер департаментінің жерлігікті полиция қызметі аумағында жаттығу өтті. Оның барысында мемлекеттік мекеме мен терроризмге қарсы күрес штабының бірлесе жұмыс істеуі пысықталды. Штабқа қауіп төнген кезде адам көп жүретін аумақтан күдікті затты тауып алып, оны залалсыздандыру міндеті жүктелді. Жаттығуға штабтың толық құрамы мен 32 арнайы, әскери техника, 500 құқық қорғау қызметкері жұмылдырылды»,- деп хабарлады терроризмге қарсы күрес штабының баспасөз қызметі.

Жаттығудан соң мемлекеттік органдар төтенше жағдай кезінде жедел әрекет етіп, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатынын дәлелдеді. Оқу-жаттығу жұмыстары алдағы уақытта әрі қарай жалғасады.

Соңғы жаңалықтар