Ақтөбеде лаңкестерді ұстауда ерлік көрсеткен қызметкерлер марапатталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, полиция генерал-лейтенанты Марат Демеуовтің қатысуымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шара өткізілді. Бұл туралы ҚазАқпарат облыстық ішкі істер департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ақтөбедегі «Достық үйінің» концерт залында облыстық ішкі істер департаментінің ұйытқы болуымен өткен мерекелік салтанатты шараның шымылдығын Марат Демеуов ашып, жиналғандарды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады.
«Тарих үшін 25 жыл - қысқа уақыт. Осы қысқа мерзімде Қазақстан үлкен жетістіктерге жетті, дамыған мемлекетке айналды, Қазақстан аты әлемге танымал болды. Тәуелсіздіктің тартуы Елбасымыз еліміздің тұрақтылығын, Ата Заңымыздың аясында азаматтарымыздың құқығын қорғау жолында ішкі істер органдарына зор сенім білдірді. Полиция қызметкерлері құқық пен азаматтардың қауіпсіздігін қорғау жолында ерлік, жанкештілік танытып, талап деңгейінде қызмет атқарып келеді. Осы ретте ардагерлердің де теңдессіз еңбегін айтпай кетуге болмайды. Еліміз Тәуелсіздік алған жылдар ішінде 1000-нан аса ішкі істер органдары қызметкерлері мен ұлттық гвардияның әскери қызметкерлері мемлекеттік марапатқа ұсынылды, оның 115-і қаза тапқаннан кейін марапатталды», - деді ол.
Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында назар қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің отбастарына аударылды. Олармен кездесу барысында Марат Демеуов: «Нағыз адал, жауапты әрі ержүрек ұл тәрбиелеп өсірген сіздерге алғысымды білдіремін. Олар Отан қорғау жолында жанкештілікпен адалдық танытты, бұл өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болмақ», - деп атап өтті.
Аса қауіпті қылмыскерді құрықтауда ерлікпен қаза тапқан А.Қосжановтың жұбайы Алмагүл Қосжанова ішкі істер органдары тарапынан көрсетіліп келе жатқан қамқорлыққа шынайы ризашылығын білдірді.
«Сіздер ешқашан да бізді ұмытпай, әрқашанда көмектесіп келесіздер. Әрине, бізге, біздің балаларымызға әкелерінсіз өте қиын. Алайда сіздердің қолдауларыңыз арқасында ертеңімізге зор сеніммен қараймыз! Сіздерге айтар алғысым шексіз», - деп атап өтті ол.
Салтанатты шара барысында ағымдағы жылдың маусым айында теракті кезінде лаңкестерді ұстауда айрықша ерлік көрсеткен қызметкерлер марапатталды. Атап айтқанда, ҚР Президентінің Жарлығымен «Әскери және қызметтік парызын үлгілі орындап, заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етуде көрсеткен ерлігі мен жанкештілігі үшін» Ақтөбе облыстық ІІД-нің 11 қызметкері, оның ішінде 2 қызметкер 3-ші дәрежелі «Айбын» орденімен және 9 қызметкер «Ерлігі үшін» медалімен марапатталады.
Маусым айында теракті кезінде қаза болған «Жедел Күзет» ЖШС күзет агентігінің қызметкері М.Тәжібаев қайтыс болғаннан кейін «Әскери және қызметтік парызын үлгілі орындап, заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етуде көрсеткен ерлігі мен жанкештілігі үшін» «Ерлігі үшін» медалімен марапатталады.
Сонымен қатар ҚР Президентінің Жарлығымен ІІД 20 қызметкері «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалін алды. Мұнан бөлек, 1 қызметкерге «полиция подполковнигі» шені мерзімінен бұрын, 1 қызметкерге атқарып отырған қызметіне қарастырылған бір саты жоғары «полиция подполковнигі» шені берілді.
- Ақтөбеде кәсіпкерлерден 19 өтініш түсті
- Президент ҚР ІІМ және ҚР ҰҚК-нің қаза тапқан қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады
- Жаппай тәртіпсіздік: Жамбыл облысында 84 адам әкімшілік қамауға алынды
- Ақтөбеде жағдай қалыпты: 10 қаңтардан бастап балабақшалар жұмысын бастайды
-
Ақтөбеде коменданттық сағат уақыты өзгерді
-
ІІМ: Қылмыскерлер полиция мен әскерилердің киімін киіп заңсыздықтар жасады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам







