Ақтөбеде лаңкестер шабуылдаған әскери бөлім қызметкерлерінің аналарына құрмет көрсетілді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - 2016 жылдың 5 маусымында лаңкестер қарулы шабуыл жасаған кезде Ақтөбедегі №66/55 әскери бөлімінде қылмыскерлердің бірі қаза болып, екеуі ауыр жараланған болатын. Бүгін Ақтөбеге ҚР Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары Мұхаметқали Сатов келіп, жауынгерлік тапсырманы бұлжытпай орындаған әскери қызметкерлердің аналарына құрмет көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбедегі террористік акт кезінде қарулы топ алдымен «Паллада» қару жарақ дүкеніне шабуыл жасап, кейін екіге бөлінген топтың бірі - «Пантера» қару-жарақ дүкенін басып алса, екіншісі - №6655 әскери бөлімінде атысты. Жексенбіде демалып жатқан әскери бөлім сол күні қару-жарақ қоймасын аман сақтап қалды. Ақтөбеге келген ҚР Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары Мұхаметқали Сатов әскери қызметкерлер жауынгерлік тапсырманы толық орындағанын айтып отыр.
null 

«Діни эстремизм мен терроризм - бүкіл әлем дерті. Бір қарағанда Сириядағы жағдайдың алдын алуға болатын еді. Ал Қазақстандағы жағдай тұрақты, бақылауда. Дегенмен адасқан адамдардың шабуылы ара-тұра тіркеліп тұр. Бұл үшін қоғам жұмыс істеуі керек. 5 маусымдағы лаңкестік оқиғадан соң нәтиже шығардық. Әскери қызметкерлер жауынгерлік тапсырманы орындады, қару-жарақ қоймасын сақтап қалды. Бір лаңкестің көзі жойылып, екеуі ауыр жараланды. Бірақ біздің тарапымыздан да адам шығыны болды. Тіпті, сын сағатта батыл шешім қабылдай алмаған әскерилер де тіркелді. Олар заң бойынша жазасын алды», - деді М.Сатов.

Ақтөбеге арнайы келген ҚР Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары Мұхаметқали Сатов 5 маусым күні ерлік танытқан әскери қызметкерлердің аналарына құрмет көрсетті. «Ана деген - қасиетті ұғым. Ол отбасының тәрбиешісі, ақылшысы. Сол аналардан үлгі-өнеге алған ер азаматтар лаңкестік оқиға кезінде Отан үшін күресті. Әскери қызметкерлер емтиханнан өткендей болды. Бүгін біз сол батыр ұлдарға өмір сыйлаған аналарға құрмет көрсеттік», - деді М.Сатов.
null 

Шараға Ақтөбедегі №66/55 әскери бөліміне келісім шарт негізінде еңбек етіп жүрген Ғабит Балжанов, Рахмет Сәттібай, Ирина Балмағамбетова мен ефрейтор Еламан Жанділдаев, Жеңіс Табынбаевтың аналары шақырылды. 

Соңғы жаңалықтар