Ақтөбеде лак-бояу өнімдерін шығаратын зауыт ашылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - "Ақтөбе" индустриялық аймағында лак-бояу өнімдерін шығаратын зауыт ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Индустриалды аймақта ашылған жоба құны - 320 миллион теңге. Шараға "Ақтөбе" ӘКК басқарма төрағасы Руслан Мамунов және қаланың құрметті азаматтары қатысты.

"Зауытта жылына 5 мың тонна бояу жасалады. 15 адам жұмыспен қамтылады. Бұл жобаның ерекшелігі сол - судисперсиялық бояулар европалық және америкалық жаңа технология бойынша дайындалады. Өндіріс толықтай автоматтандырылған. Бояу жасау кезінде қоршаған ортаға зиянды заттар мен шаң бөлінбейді, өйткені, шаңды фильтрлеу жүйесі орнатылады. Шикізат ретінде қазақстандық кальций карбонаты және еуропалық стирол-акрилат полимер қолданылады. Өнімді Қазақстан және Ресей нарығына шығару жоспарда бар", - деп хабарлады "Ақтөбе" ӘКК-нің баспасөз қызметі.

Кәсіпкерлер сұраныс артады деген сенімде.

"Болгарияның София қаласында осындай үш зауытымыз бар. Біздің өнім неміс сапасына сай, экологиялық таза, сондықтан, жыл өткен сайын біздің бояуға сұраныс артып келеді. Тауарымызды қазір Сербия, Македония, Молдавия секілді Балқан түбегі елдеріне жөнелтіп отырмыз. Қазақстанда да өнімге сұраныс болады деп ойлаймын", - деді "СТРОМ-21" компаниясының директоры Николай Георгиев.

Айта кетейік, индустриалды аймақта қағаз өңдеу зауыты салынады. Бүгін алғашқы іргетасы қаланды. Жоба құны - 300 миллион теңге. Алдағы уақытта 57 адам жұмысқа қабылданады. Бұл өндіріс орны қағазды қайта өңдеуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар