+7 (701) 759 90 19
USD 405.66 EUR 454.70
RUB 5.71 CNY 57.43
Jańalyqtar

Ақтөбеде лагерьге баратын балалардан коронавирусқа қарсы сынама алынады

2020 жылғы 30 мамыр 22:43
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде лагерьге баратын балалардан коронавирусқа қарсы сынама алынады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде мектеп жанындағы, шатырлы лагерьлерге рұқсат берілмеді. Алайда қала сыртындағы жазғы лагерьлер 11 маусымда өз жұмысын бастауы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева жергілікті арнаның тікелей эфирінде балалардың жазғы демалысы туралы айтып берді.

«Егер эпидемиологиялық жағдай тұрақты болса, жазғы лагерьлер 15 маусым күні өз жұмысын бастай алады. Қала маңында 11 лагерь бар. Қазір лагерь иелері дайындықты бастады. Тек жолдама құнына ПТР тестілеу кіреді. Яғни, балалар сынама тапсырады. 100-150 баладан қабылдайтын боламыз. Қызметкерлер де, балалар да 2 апта лагерьден шықпайды. Жылдағыдай өзге облыстарға жібере алмаймыз», - деді басқарма басшысы.
Айта кетейік, Ақтөбе облысында соңғы тәулікте тағы 4 адам індетке шалдығып, вирус жұқтырғандар саны 338-ге жетті. Оның тең жартысынан астамы емделді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT