Ақтөбеде қызына азғындық жасаған әйел сотталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қызына азғындық жасады деген айыппен анасы мен оның танысы сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қылмыстық кодекс « Жас балаларды азғындық жолға түсіру» бабы бойынша қозғалып, тергеу жүрді. Ақтөбе облыстық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2020 жылдың 30 қазаны күні сағат 12:00-ден 18:00-ге дейін азаматша «Ж» 2012 жылы туған қызына күш қолданбаған, дегенмен азғындық әрекеттер жасаған. Оның жанында «М» есімді адам болған. Сот отырысы кезінде жәбірленушінің, оның заңды өкілің, куәлардың, сақтауға тапсырылған айғақтары және сараптама қорытындысы, болған жерді қарау хаттамасы, тергеу экспериментінің хаттамасы негізінде екі айыпталушының кінәсі толық дәлелденді. Осыған байланысты сот «Ж» және «М-ны» тағылған айып бойынша кінәлі деп таныды.

«Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар анықталған жоқ. Керісінше, сот алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен қылмыс жасау жазаны ауырлататын жағдай деп таныды. Сот үкімімен «Ж-ға» 9 жыл бас бостандығынан айыру, «М-ға» 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушылардың екеуі де педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылған», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Соңғы жаңалықтар