+7 (701) 759 90 19
USD 420.76 EUR 498.6
RUB 5.6 CNY 62.27
Jańalyqtar

Ақтөбеде қыз алып қашқандар ұсталды

2019 жылғы 12 желтоқсан 06:40
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде қыз алып қашқандар ұсталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде әлеуметтік желі арқылы танысып, қыз алып қашқандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елімізде қандай қылмыс жиі жасалады Сарыағашта анасы мен баласы тәжікстандықтың автотұрақтағы 9 машинасын сатып жіберген Өскеменде ер адам көшеде кетіп бара жатқан азаматқа пышақ ала жүгірген

Оқиға 2 желтоқсан күні болған. Полицияға белгісіз біреудің кәмелет жасқа толмаған студентті алып қашқаны туралы хабарлама түсті. Колледж студенті мінген көлік Ақтөбе - Орал тасжолында тоқтатылып, екі жас жігіт пен жоғалған қыз полиция бөліміне жеткізілді.

«Қыз әлеуметтік желі арқылы жігітпен танысады, сөйлеседі. Полиция бөліміне жеткізілген студент қыз өз еркімен көлікке мінгенін, ешкім ұрламағанын айтты. Анасы да еш шара қолданбай, күдіктілерді босатуды сұрап, арыз жазды. Бірақ инспектор Досым Болатовтың күдігі сейілмей, тергеуді жалғастырды. Жанына колледж оқытушысы мен психологты ертіп, студентпен кездесті. Ашық әңгіме кезінде қыз жігітпен танысқанын, кездесуге інісін ертіп шыққанын айтты. Жігіт ырықсыз көлікке отырғызып, алып қашқан. Сол кезде інісі анасына хабар беріп олар полициядан көмек сұрады. Тергеу кезінде көлік ішінде жігіттердің күш қолданғаны белгілі болды. Алайда қыз полицияны көріп, қорыққан. Қызға шындықты айтсаң інісі мен анасына зияны тиетінін айтып, сендіреді», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің 122-ші, яғни, «Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау» бабымен іс қозғалып, тергеу басталды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT