Ақтөбеде қылмыстық топ ұсталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде ұзақ уақыт бойы жалған шот-фактура жазумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржы мониторингі комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комитеттің Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеу басқармасы «СТОП-Обнал» жедел профилактикалық шаралар шеңберінде ұзақ уақыт бойы нақты жұмыс жасамай, қызмет көрсетпей және тауарларды жөнелтпей жалған шот-фактура жазумен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті.

«Күдіктінің достары мен туыстары атына тіркеліп, басқа да серіктестіктерге қызмет көрсетілді немесе тауар жеткізілді деген дерекпен 15 кәсіпорынды тіркеуге/қайта тіркеуге қала тұрғынының қатысқаны анықталды. Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке төленбеген салық мен бюджет төлемдер түрінде 3,5 миллиард теңгеден астам көлемде аса ірі залал келтірген», делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің ҚК 216-бабы 3-бөлімі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, қазіргі таңда қылмыстық іс сотқа жолданды.



Соңғы жаңалықтар