Ақтөбеде қылмыстық істі жабу үшін пара алған тергеуші ұсталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қалалық ішкі істер бөлімінің тергеушісі пара алып жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Ақтөбе облыстық ІІД Ішкі қауіпсіздік басқармасы мен ҰҚК облыстық департаменті 3 қазан күні тергеушіні пара алып жатқан жерінен ұстады. Алаяқтық жасаған бұрынғы әйелін қылмыстық жазадан құтқармақ болған ақтөбелік пара берді. Қазір осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің «Билікті немесе лауазымдық өкілеттіліктерді асыра пайдалану» бабы бойынша із қозғалды»,- деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар