Ақтөбеде құрт ауруына шалдыққандар ем алудан қашып жүр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде құрт ауруына шалдыққандар ем алудан қашып жүр. Өткен жылы облыстық туберкулезге қарсы диспансер жергілікті полиция қызметінен көмек сұрап, 33 науқас емдеу орнына жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық жергілікті полиция қызметі денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе жұмыс істеуге мәжбүр. Себебі, өткен жылы облыстық туберкулезге қарсы диспансерге жатып, ем алуы тиіс 45 науқас ауруханаға бармаған. Іске полиция араласып, 33 науқасты диспансерге жеткізді.

«Құрт ауруына шалдығып, емделуден қашып жүргендерді табу оңай емес. Олардың басым бөлігінде баспана жоқ, қаңғабастар. Үйінде отырғандарды жеткіземіз, ал тез арада табылмағандарды іздеу учаскелік инспектордың міндетіне артылады. Жеткізу кезінде полиция қызметкерлері дертті жұқтырып алуы мүмкін. Мұндай деректер өңірде бұрын тіркелді. Сол себепті құрт ауруына шалдыққандарды жеткізу кезінде арнайы дәрігерлердің көмегіне жүгінеміз»,- деді Ақтөбе облыстық жергілікті полиция қызметінің бастығы Қанат Әлиев.

Соңғы жаңалықтар