Ақтөбеде Құрбан айт күндері мал базары жұмыс істемейді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде де Құрбан айт онлайн өтеді. Бүгін облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты, деп ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде коронавирус инфекциясына шалдыққан адамдар саны екі есеге артты. «Қызыл» аймақтағы өңірде бүгін жаңа қаулы шықты. Талап бойынша көпшілік, мерекелік және отбасылық басқосу, оның ішінде адамдар көп жиналатын шара өткізуге болмайды. Құрбан айт мерекесі күндері, яғни, 20 – 22 шілде күндері аралығында мал базарлары жұмыс істемейді.

«Мал сою орындарын анықтау және құрбан шалу рәсімдерін онлайн форматта жүзеге асыру ұйымдастырылуы тиіс. Малды тапсырыспен және ветеринарлық сертификаты бар арнайы бекетте сою қажет. Мал сою орнына бөгде адам кіргізілмейді. Жедел респираторлық инфекциялар (жоғары температура, жөтел, тұмау) және басқа да жұқпалы аурулар белгілері бар қызметкерлер жұмыс істемейді. Қызметкерлерді жұмыс орнына кіргізбес бұрын ПТР тест анықталмасы талап етіледі»,- деп жазылған облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева қол қойған қаулыда.
Мал сою цехтарында ветеринариялық - санитариялық норма талаптарының сақталуын арнайы инспекция мамандары бақылайды. Дезинфекция жүргізу үшін белгіленген тәртіппен тіркелген және қолдануға рұқсат етілген, қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда вирустық инфекциялар кезінде объектілерді зарарсыздандыру режимдері көрсетілген дезинфекциялау құралдарын қолданылуы тиіс. Белгіленбеген жерлерде тұрғындардың мал союына да жол бермелмейді. Мұны бақылау полицияға жүктелді.


Соңғы жаңалықтар