Ақтөбеде күннің бұзылуына байланысты мемлекеттік ту төмен түсірілді

Фото: None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында ауа райының нашарлауына байланысты мемлекеттік ту түсірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлімет таратты.

«Құрметті ақтөбеліктер! Ақтөбеде желдің күшеюіне байланысты 12 шағынаудандағы айналма жолда орнатылған мемлекеттік ту уақытша алынды және ҚР Тұңғыш Президенті атындағы орталық саябақта тұрған мемлекеттік ту жел басылғанға дейін түсіріліп қойылды» делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұл көк байрақ желдің екпінінен жыртылып қалмас үшін жасалған.

Жел басылған соң ту қайтадан орнына ілінеді.


Соңғы жаңалықтар