+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

Ақтөбеде күннен қорғамайтын әйнек аялдамалар қайта жөнделеді

2018 жылғы 25 мамыр 01:30
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде күннен қорғамайтын әйнек аялдамалар қайта жөнделеді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде күн мен желден қорғамайтын әйнек аялдамалар қайда қалпына келтіріледі. Жергілікті билік аялдама шатырына қара пленка жапсырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласында «оқ өтпейтін» әйнектен аялдамалар орнатылып, әрқайсысына 1 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалды. Бұл аялдамалар адамдарды күннен қорғай алмай, тұрғындардың нарызылығын тудырды. Арыз-шағымды естіген жергілікті билік енді аялдама шатырын қара пленкамен қаптауды жөн көріп отыр.

«Аялдамалардың бірнеше түрін қарастырып жатырмыз. Қателік кетті. Қазір аялдама шатыры күннен қорғамай тұр, оны көлеңкелейміз. Шамамыз келгенше заманауи аялдама қоюға күш саламыз. Орталықтағы ескі аялдамалардың бәрін екінші деңгейлі көшеге қойып, жаңасын орнатамыз», - деді Ақтөбе қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Танат Шегебаев.

Сонымен қатар, Ақтөбеде көпқабатты тұрғын үйдің қасбетін бояу жалғасады. Бұл мақсатқа бюджетте 20 миллион теңге бөлінген.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT