Ақтөбеде күніне шамамен 2 мың адам ғана вакцина салдырады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы бойынша күніне 1500-2000 адам ғана вакцина салдырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы бойынша 522 мыңнан астам адам вакцинациялауға жатады. Қазіргі кезде 282 мыңға жуық адам вакцинаның бірінші, 223 мың адам екі компонентін де салдырды.

«Мұғалімдердің 95 пайызы вакцина салдырды. Ал қалған 5 пайызы қарсы көрсетілімдері үшін анықтама алды. Ертең мектептерде сабақ дәстүрлі форматта басталады. Мектептермен қатар, колледж, жоғары оқу орындарында оффлайн форматқа көшеді», - облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.

Айта кетейік, өңірге барлығы 585 мың доза вакцина жеткізілді.

«Ертеңнен бастап вакцина салдырмағандар жұмысқа кіргізілмейді» деп айтуға болмайды. ПТР сынамасы болса, рұқсат бар. Таңдау адамның еркінде. Қазіргі кезде күн сайын 1500-2000 адам вакцина салдырып жатыр. Барлық емханада егу пункті бар. Олар демалыссыз жұмыс істейді. Спутник V мен VeroCell вакциналары қолжетімді. Екеуіне де сұраныс бар», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров.


Соңғы жаңалықтар