+7 (701) 759 90 19
USD 448.52 EUR 490.32
RUB 5.69 CNY 63.23
Jańalyqtar

Ақтөбеде құмды заңсыз алған компанияларға айыппұл салынды

2020 жылғы 21 қаңтар 14:19
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде құмды заңсыз алған компанияларға айыппұл салынды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде құмды заңсыз алған компанияларға айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда «Бекіре – 2020» балық қорғау акциясы басталды Шекарашылар браконьерлерді ұстады: Мемлекетке келген шығын 20 млн теңгеден асады Сергей Громов қырғыз тарапымен еліміздің оңтүстік өңіріне су беру мәселесін талқылады

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодексі бойынша пайдалы қазбаларды кәсіпкерлік мақсатта өндіру үшін лицензия алуы тиіс. Қобда ауданының прокуратурасы тексеру жүргізіп, бірнеше заңсыздықты анықтады.

«Қобда ауданы, Ақырап ауылынан 6 шақырым және Қобда ауылынан 16 шақырым жерде «КТП» ЖШС мен «Бабэк құрылыс» ЖШС рұқсатсыз жұмыс істеген. Серіктестіктер қиыршық тас пен және құм алған. Аудан прокуратурасы Ақтөбе облысы бойынша экология департаментіне заңдылықты жою туралы ұсыну енгізді. Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі бойынша «КТП» ЖШС 250 АЕК, яғни, 600 мың теңгеден астам айыппұл төледі. Қоршаған ортаға келтірген зиян 1 миллион теңге шамасында», - деп хабарлады Ақтөбе облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, «Бабэк құрылыс» ЖШС пайдалы қазбаны заңсыз пайдаланғаны үшін 7 млн теңгеден астам айыппұл төледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT