+7 (701) 759 90 19
USD 380.84 EUR 419.50
RUB 6.05 CNY 54.90
Jańalyqtar

Ақтөбеде құлаған қалдықтар геофизикалық зымыранға тиесілі болуы мүмкін– Қорғаныс министрлігі

2020 жылғы 15 қаңтар 12:13
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде құлаған қалдықтар геофизикалық зымыранға тиесілі болуы мүмкін– Қорғаныс министрлігі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық-ресейлік бірлескен комиссияның алдын ала мәліметіне сәйкес, Ақтөбе облысында табылған зымыранның қалдығы – атмосфераның жоғарғы қабатын зерттеуге бағытталған геофизикалық зымыранның қалдығы болып отыр. Қорғаныс министрлігі осындай ақпарат таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Зымыран құлаған орынның радиациялық мөлшері өлшеніп, топырақтың, жауын-шашын мен қардың сынамасы алынды. Қалдықтар экологияға да, Ақтөбе облысының тұрғындарына да ешқандай қауіп төндірмейді. Гамма-сәулелердің мөлшері жергілікті жердің табиғи радиациялық аясынан аспайды», - деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінен.

Министрлік сонымен қатар, әлеуметтік желілерге сілтеме жасала отырып, ресейлік БАҚ-қа таратылған ақпаратты жоққа шығарды. Ресейлік БАҚ құралдарында қалдықтардың «Искандер-М» зымыранына тиесілі екені жазылған еді.

«Қазақстан мен Ресей арасында 1995 жылы жасалған мемлекетаралық келісімге сәйкес, ҚР аумағындағы полигондарды Ресей Федерациясы жалға алып отырғанын еске салғымыз келеді. Министрлік, ең бірінші кезекте, полигондарды пайдалануда қауіпсіздік шараларын күшейту бойынша келісімге түзету енгізуді бастама етіп көтереді», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, осыдан бірнеше күн бұрын ҚР Қорғаныс министрлігі жоспарлы оқу-жаттығулары кезінде құлаған зымыран сынығына байланысты түсінік берген болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT