Ақтөбеде қоршаған ортаға зияны жоқ экопакет өндіріледі

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі полиэтилен дорба шығаратын кәсіпорын экологиялық таза өнім дайындауға көшті. Жылдап жатса да шірімей, қоршаған ортаға зиян әкелетін полиэтиленді алмастыратын өнім ел нарығына шығарылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат 24.kz сілтеме жасап.

Кәсіпкер жаңа желіні іске қосу үшін «Өндіріс» бағдарламасы арқылы жеңілдетілген несие алған. Жаңа цехтағы заманауи желі жылына 1200 тонна экопакет дайындап шығарады.  Бұл өнімнің бұрынғыдан айырмашылығы неде? Біріншіден, қоршаған орта мен адам денсаулығына зияны аз. Екіншіден, қоқысқа тасталған пакет 1 жылдың ішінде жойылып, топыраққа араласып кетеді. Бұл қалдықсыз өндіріс. Шикізатты шет мемлекеттерден алып отыр.

«Цехта біз поливет, политерон пакеттерін шығарамыз. Қызыл, көк пакеттер шығарылады. Медпленка, мусор, фасовка, бәрін жасаймыз. Біз шығарған пакеттердің қоршаған ортаға зияны жоқ» дейді цех механигі Наурызбек Абдолкәкімов.

Кәсіпорын қаладағы индустриалды аймақта орналасқан. Бұл жерден 1 гектар жер алып, үлкен өндірістік нысан салды. Кәсіпкер бұған дейін ғимаратты жалға алып, біраз қиындық көргенін айтады. Қазір жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, кәсібін кеңейткен жайы бар.

Тек экопакеттерді сату оңай болмай тұр. Пакет құрамындағы ерігіш ұнтақ қоспаны қымбатқа сатып алатындықтан, өнімнің бағасы 6-7 пайыз жоғары.

«Оны арзандату үшін біз қазір жапониялық фирмамен шешімге келейін деп жатырмыз. Сол қоспаны өзіміз осы жақта шығарамыз. Оны ары қарай сатамыз. Сол кезде бағасының кәдімгі, күнделікті қолданыстағы пакеттен айырмашылығы болмайды»,-дейді кәсіпорын басшысы Бауыржан Жүсіпов.

Жаңа өнімге Қостанай, Орал мен Астанадан сұраныс түсе бастады. Экопакеттің бағасына қарамай тапсырыс беретіндердің көбі - қоршаған ортаның ахуалына алаңдайтындар. Ақтөбенің өзінде екі ірі супермаркет желісі экологиялық таза пакеттерді қолдана бастады.

Соңғы жаңалықтар