Ақтөбеде коронавирустан сауыққандар оңалту орталықтарында ем қабылдауда

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Коронавирус инфекциясынан жазылған 1 мыңнан астам ақтөбелік денсаулығын нығайту мақсатында оңалту орталықтарында ем қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы бойынша коронавирус инфекциясына шалдығып, жазылған адамдар арасында вирусты қайта жұқтыру дерегі тіркелмеді.

«Барлық емханада, Ақтөбе медицина орталығы мен «Дару» оңалту орталығында 1447 адам оңалтудан өтті. Қазір ем жалғасып жатыр. Әр емханада күндізгі стационар бар», - деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.

Айта кетейік, Ақтөбеде вирус жұқтырған 3741 адамның 95 пайыздан астамы жазылды.

Ақтөбе облысының бас дәрігері қазіргі кезде балалар арасында ішек инфекциясының көбейгенін айтты.

«Осы аптада облыстық клиникалық ауруханаға 79 бала жеткізілді. Оның ішінде 17 баланың жасы бірге толмаған. Негізі ауру белгісі – іш өту, температура. Ата-анасымен сөйлесу кезінде олардың жеміс-жидекті көп жегені белгілі болды. Бәрінен КВИ сынамасы алынды. Ешқайсынан ауру белгісі анықталған жоқ. Бір отбасынан бірнеше бала ауырмады. Мұнда ең бастысы - тазалық сақтау», - деді Рүстем Исаев.


Соңғы жаңалықтар