Ақтөбеде коронавируспен күресте көз жұмған бас дәрігердің суреті үй қабырғасына салынды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбенің Хромтау ауданында Қазақстанның Еңбек Ері Қалихан Қозбағаровтың суреті салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде инфекциялық аурухананың бас дәрігері Қалихан Қозбағаров шілде айында көз жұмған болатын. Әріптестері оны ақтық сапарға шығарып салды.

Президент Қасым - Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен марқұм Қалихан Қозбағаровқа Қазақстанның Еңбек Ері атағы берілді.

Ал туған жері Хромтау ауданында көпқабатты үйдің қабырғасына суреті салынды.

«Әлемді әбігерге салған індетпен күресте алдыңғы шепте болып, мамандығына деген адалдығы мен антына берік жерлесіміз Қалихан Есбосынұлына хромтаулықтар құрмет көрсете білді. «Ерін ардақтаған ел озар» демекші, елді дүрліктірген дертті ауыздықтау жолында аянбай еңбек еткен, адамдығы мен азаматтығын айналасына көрсете білген Қалихан Есбосынұлының суреті қала орталығындағы көп қабатты үйдің қабырғасына салынып, асылдың сынығы жерлестерінің санасында сақталып, еңбегі көпке үлгі болып тұратын болды», - деп жазды аудан әкімдігі әлеуметтік парақшада.


Соңғы жаңалықтар