+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Ақтөбеде коронавирус жұқтырған адамның Мәскеуден келгені анықталды

2020 жылғы 1 сәуір 18:00
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде коронавирус жұқтырған адамның Мәскеуден келгені анықталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде төртінші адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Ол Мәскеуден келіп, үйдегі карантинде болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирус инфекциясын жұқтырған адам 13-22 наурыз аралығында Ресейдің Мәскеу қаласында іссапарда болған. Ол Мәскеуден 22 наурыз күні шығып, пойызбен Орынбор қаласына келді. Ал 25 наурыз күні таксимен Ақтөбеге жетті. Келген кезде тұрғылықты мекенжайы бойынша емханаға тіркеуге алынды. Дәрігерлер оған телефон шалып, денсаулығы туралы ақпарат алып отырды. Ал 27 наурыз күні науқас өзін жайсыз сезініп, провизорлық госпитальге жатқызылды. Алғашқы анализі 28 наурыз күні алынып, теріс болды. Үш күн өткенде қайта алынып, расталды. Қазір емдеу шарасы жүріп жатыр. Науқаспен байланысты болған адамдар нақтыланды, стационарға жатқызылды», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Облыстық тауарлар мен көретілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаеваның айтуынша, төртінші науқастың сараптамасы бүгін сағат 14:29-да хабарланды. Ол провизорлық госпитальде жатқан кезде бір палатада ішінде өзге де адамдар болды. Карантиндегі адам да қазір инфекциялық ауруханаға жеткізілді. Сонымен бірге ата-анасы да емдеу мекемесінде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT