Ақтөбеде коронавирус инфекциясының 15 ошағы бар

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде балабақшаға баратын бала мен мектеп оқушысынан коронавирус инфекциясы анықталып, білім ошақтарының бір бөлігі карантинге жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

3 желтоқсаннан күні бүгінге дейін коронавирус инфекциясының 15 ошағы тіркелді. Оның 9-ы - тұрғын үй болса, өзгесі - ұжымдық мекеме.

«Алға ауданындағы балабақша тәрбиеленушісінен вирус анықталып, топ карантинге жабылды. Сонымен бірге Ақтөбе қаласындағы №3 мектеп-лицейінің 3 сынып оқушысы індетке шалдықты. Сынып карантинге жабылып, науқаспен байланыста болғандардың барлығы үй карантинінде жатыр. Сонымен бірге 4 шаруашылық субъектісі де карантинде», - деп хабарлады облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының баспасөз қызметі.

Бас санитар дәрігердің қаулысымен сынып пен топ іші дезинфекцияланып, 14 күнге жабылды. Қазір 86 адам дәрігерлар бақылауына алынған. Ал науқастардың жағдайы тұрақты.

Еске салсақ, Ақтөбе облысында 80-нен астам адам коронавирус инфекциясынан ем қабылдап жатыр. Оның 11-і жансақтау бөлімінде.


Соңғы жаңалықтар