Ақтөбеде көпқабатты үйлердің қабырғасына суреттер салына бастады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде бір-біріне сырт келбеті ұқсас көпқабатты тұрғын үйлер көп. Жергілікті әкімдік қала көркіне сән беру үшін алматылық суретшілерді шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null
Ақтөбедегі көпқабатты тұрғын үйлердің сырт келбетін өзгерту үшін Алматы қаласынан екі суретші келді. Ержан Танаев пен Аққали Закиров қазір Ақтөбе қаласындағы Сәңкібай батыр даңғылында орналасқан 9 қабатты тұрғын үйдің сыртына қонақжай қазақ бойжеткеннің суретін салып жатыр.

«Біз жұмысты бір апта бұрын бастаған едік. Кейін жел болды, жаңбыр жауды. Қатты жел болған кезде бояу ұшып, суретті салуға кедергі келтірді. Әрі біз қарапайым суретшілерміз. Биікте жұмыс істеу қорқынышты. Қазір ауа райы керемет. Суреттің негізгі жұмысы аяқталды. Алдағы уақытта келіншек киген камзолдың ою-өрнектерін салып, жанындағы мешіт пен шақырақ бейнеленген қаланың көрікті жерін аяқтаймыз. Бұл жер ұшақта жақсы көрінеді екен. Қонақжайлылықты білдіру үшін осы тұрғын үй таңдалған. Идея жергілікті әкімдіктікі», -  дейді Ержан Танаев.null

Екі суретші, Ержан Танаев пен Аққали Закировты Ақтөбе қаланың әкімі Ілияс Испанов шақырып, үлкен жобаны бірлесе атқаруға келісті. Алдағы уақытта қалада тұрғын үйлердің қабырғасына тағы бірнеше сурет салынуы мүмкін. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауына арналған суретті, Ұлы Отан соғысының батыры Әлия Молдағұлованың портреті мен спорт тақырыбындағы бірнеше туындыларды осы суретшілер салады.

«Ақтөбенің үйлері бір-біріне ұқсас келеді екен. Мұндай суреттер салынса, адамдар ауданды, жолды тез ажырата алады. Әрі бұл елімізде дамымаған өнер саласы. Стрит-арт бағытындағы суретті салу үшін алдымен эмульсиямен әктеп алдық. Кейін Ресейден әкелінген бояуға толы баллонды пайдаланып жатырмыз. Суретті жыл сайын жаңартудың қажеті жоқ. Бәрі ауа райы мен күн сәулесіне байланысты. Сурет 3-5 жылға шыдайды», - дейді Ержан Танаев.

Kazakhstan. Aktobe. 9 stages #9stages #process #graffiti #streetart #mural #muralart #art #aktobe

A post shared by TANAI (@tanai_tigrohaud) on Apr 29, 2017 at 11:13am PDT

Елімізге стрит-арт өнерін әкеліп, дамытып жүрген екі Ержан Танаев пен Аққали Закиров Алматыдағы Орал Таңсықбаев сәндік-қолданбалы өнер колледжін,Т.Жүргенов атындағы өнер академиясын бітірген. Суретшілер одағының мүшесі.

«Майлы бояумен сурет салу хоббимізге айналды. Негізінен полиграфия, яғни, көркем жазумен айналысамыз. Дизайнерлік бағдарламаларды білеміз. Ал стрит-арт көшедегі сурет болғанымен, бұл адамды өнерге шақырады. Кенепке салынған сурет музейде, жеке адамның үйінде тұрады. Арнайы көрмесе, ол сол күйі тұрады. Далада салынған суретті өткен-кеткеннің бәрі көреді. Халық өнеріңді бағалайды. Ақтөбеліктер жақсы әсерде. Тіпті аэрографияға қызығатын қыз келіп, хабарласты. Әлеуметтік желілерді де бақылап отырмыз. Бәрінің пікірі жақсы», -  деді Ержан Танаев.null

Айта кетейік, Ақтөбедегі біркелкі үйлерді алдымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сынап, кейін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалануды тапсырды.  

Соңғы жаңалықтар