Ақтөбеде көпқабатты үйден шыққан өртке байланысты комиссия құрылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде көпқабатты үйден шыққан өрт сөндірілді. Қазір пәтер иелері анықталып, өрттің шығу себебі тексеріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сағат 15:10-да хабарлама түсіп, 10 минутта көлік жетті. Өрт 20 минутта сөндіріліп, қазір анықтау жұмысы басталды. Өрттен соң түтін шығып жатыр. Бірақ бәрі бақылауда»,- деді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Ернұр Өтегенов.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, өрт болған үйге облыс және қала басшылығы келді.

«Облыс әкімінің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды. Өрттің шығу себебі мен зардап шеккендер анықталады»,- деді облыс әкімінің орынбасары Серік Төленбергенов.

Айта кетейік, әзірге баспанасы өртеніп кеткен адамдардың қайда баратыны белгісіз. Оларға пәтерге кіруге рұқсат берілді.

Соңғы жаңалықтар