+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 497.05
RUB 6.02 CNY 66.69
Jańalyqtar

Ақтөбеде көпбалалы отбасылар баспаналы болды

2021 жылғы 31 тамыз 00:44
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде көпбалалы отбасылар баспаналы болды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде бүгін 14 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 210,2 млрд теңге жәрдемақы алды Сенат комитеті ауылда тұру жағдайын жақсарту, жастардың қалаға кетуін төмендету мәселелерін талқылады 2022 жылы елордада ескі үйлердегі тұрғындардың мәселесі шешіледі

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында көпбалалы отбасылар үшін барлығы 54 пәтер сатып алынған.

Конституция күніне орай баспана кезегінде тұрған 14 көпбалалы отбасына Нұр-Ақтөбе тұрғын үй алабынан пәтер кілті табысталды.

Ақтөбеліктерді облыс әкімі Оңдасын Оразалин құттықтады.

«Ақтөбеде 24 мыңдай отбасы баспана кезегінде, тағы 145 мыңдай жерлесіміз жеке тұрғын үй салатын жер кезегінде тұр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жылдан жылға баспана мәселесін шешу шаралары қабылданып жатыр. Біздің проблемамызды ешкім сырттан келіп шешіп бермейтінін түсінуіміз керек. Мұны біз өзіміз тек еңбекпен, шыдамдылықпен және бірлікпен істей аламыз»,- деді облыс әкімі.

Оңдасын Оразалин сондай-ақ, Нұр-Ақтөбе тұрғын үй алабының үшінші шағын ауданындағы құрылыстың жоспарымен танысты.

Бүгінде үшінші шағын ауданда 180 пәтер салынған. Жалпы ауданы 68,8 мың шаршы метр болатын мың пәтер болады.

Жуырда мұнда 320 орындық балабақша мен дене шынықтыру-сауықтыру кешенін тұрғызуға кіріседі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT