Ақтөбеде коммуналдық қызметтер тарифі төмендеді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде су, жылу, электр қуатының бағасы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысының әкімдігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық департаментімен бірге тұрғындар үшін коммуналдық қызметтер тарифін төмендетті. Наурызда су, жылу, электр қуаты 10-20 пайыз арзандады. Бұл төтенше жағдай кезінде қабылданған шешім.

«Бюджет есебінен қаржыландырылатын мекемелерде тариф төмендеді. Мәселен, қаланы салқын сумен қамтамасыз етіп отырған «Ақбұлақ» АҚ-ы, «Теміржолсу-Ақтөбе» ЖШС 20 пайызға, Шалқар ауданындағы «Ұлы Борсық» АҚ-ы тарифті 50% түсірді. Алға мен Мұғалжар, Хромтау, Темір аудандарындағы жылу мекемелері 50 пайыздық жеңілдік жасады. Кейбір ауданда сумен жабдықтауға тұрақты мемлекеттік субсидия беріледі. Сондықтан оларда бұл тариф төмендемеді. Бұдан өзге «Актобеэнергоснаб» ЖШС-да баға 10% төмен. Коммуналдық қызмет көрсететін барлық субъектілер берешегі бар абонементтерге қызмет көрсетуін тоқтатпайды», - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар