Ақтөбеде коменданттық сағат уақыты өзгерді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде коменданттық сағат уақыты 23-00-ден таңғы 7-00-ге дейін ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс аумағына 9 блокпост қойылды. Оның үшеуі Ақтөбе қаласына кіріп-шығу жолында, өзгесі аудандарға қойылды.

Блокпостарда полиция мен қорғаныс қызметкерлері жұмыс істеп тұр. Кіріп-шығып жатқан жолаушылардан тыйым салынған заттардың бар-жоғы тексерілуде. Ал блокпостарда тыныштықты сақтап тұрған әскерилерге жергілікті атқарушы органдар ыстық тамақ жеткізуде.

Еске салсақ, Ақтөбеде коменданттық сағат тәртібін сақтамаған 400-ге жуық адам ұсталды. 11 ұйымдастырушы мен іріткі салушы күдікті қолға түсті.

Облыс аумағында құқықтық тәртіпті бақылау жұмысы жалғасып жатыр.

Соңғы жаңалықтар