Ақтөбеде коменданттық сағат тәртібін сақтамаған 400-ге жуық адам ұсталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде коменданттық сағат тәртібін сақтамаған 400-ге жуық адам ұсталды. 11 ұйымдастырушы мен іріткі салушы күдікті қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласы мен облыс аумағында құқықтық тәртіпті бақылау жұмысы жалғасып жатыр.

«Өткен түні коменданттық сағат тәртібін бұзған 367 адам ұсталды. Сонымен қатар 11 ұйымдастырушы мен іріткі салушы күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта олардың екеуіне қатысты ҚР ҚК 272-бабы 1-бөлігіне, яғни, «Жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру« бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды. Қалғандарының іс-әрекетіне қатысты заңды бағасы беріледі. Облыс тұрғындарынан тыныштықты сақтап, дүрбелең мен арандатушылыққа ермеуді сұраймыз»,- деді Ақтөбе облысының коменданты Қанат Әлиев.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбеде сұйытылған газ бағасы 50-55 теңге.


Соңғы жаңалықтар