Ақтөбеде коменданттық сағат талабын бұзған 81 адам ұсталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде коменданттық сағат талабын бұзған 81 адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақтөбе облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру, билік өкілдеріне қатысты зорлық-зомбылық, ғимараттарға шабуыл жасау мен лаңкестік әрекеттер бойынша барлығы 14 қылмыстық іс қозғалды. Оның ішінде аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 12 адам уақытша ұстау изоляторына орналастырылды»,-делінген хабарламада.

Сот шешімімен 7 азамат қамауға алынды


Соңғы жаңалықтар