Ақтөбеде көліктен ақша ұрлағандар ұсталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат -Ақтөбеде балабақша маңына келіп, асыққан ата-аналардың көлігін тонаған күдіктілер ұсталды. Жедел іздестіру кезінде екі күдікті қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде балабақша маңын торуылдатқан күдіктілер мол олжаға кенелген. Олар бір мезетте ұялы телефон, ноутбукты алып кетті. Ағайындылардың қылмыстық  ісі жедел ашылды.

«Ақтөбе қаласының 12 ықшам ауданындағы балабақша маңында ұрлық жасағандар ұсталды. Олар көлік ішінен ақша, телефон, ноутбук алып кеткен. Қазіргі кезде басқа да қылмысқа қатысы бар, жоғы анықталып жатыр. Қылмыстық кодекстің «Ұрлық» бабы бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.  Олар ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жіберілді. Ұрланған заттар тәркіленді»,- деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар