+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Ақтөбеде көлік жүргізушілері екі күнде 964 мәрте жол ережесін бұзған

2020 жылғы 26 мамыр 05:23
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде көлік жүргізушілері екі күнде 964 мәрте жол ережесін бұзған

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Облыс бойынша 964 жол жүру ережесін бұзу фактісі тіркелсе, оның тең жартысы қала ішінде анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу, маневр жасау, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі мақсатында облыс аумағында «Қауіпсіз жол» іс-шарасы өтті. Шара аясында қала жолдары мен қауіпті аумақтарда жылдамдықты сақтау, айналып өту ережелері, маневр жасау, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қауіпсіздік белдігін қолдануға баса назар аударылды.

Жылдамдықты асыру, жаяу жүргіншілерге жол бермеу тіркелді. 17 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізді. 178 жаяу жүргінші де ережені сақтамады.

Ақтөбе қаласы полиция басқармасы, патрульдік полиция батальонының командирі Ермек Шукановтың айтуынша, көбіне жол-көлік оқиғасы жиі болатын аумақ бақылауда болады.

«Балаларға қатысты жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жаяу жүргіншілердің жол ережелерін сақтау акциясы барысында полицейлер жол ережесін сақтауға шақыратын ақпараттық парақша таратты. Акцияның негізгі мақсаты – жол ережесін бұзу фактілерін, соның ішінде балалар арасында жол-көлік оқиғаларының санын азайту. Жыл басынан бері 22 жол-көлік оқиғасында 24 бала зардап шекті», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT