Ақтөбеде көлік өртінен аман қалған 7 жасар баланың жағдайы қалай

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде көліктегі өрт кезінде аман қалған 7 жасар бала қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Оның денесін күйік шалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2014 жылы туған бала қазір Әйтеке би аудандық ауруханасында жатыр. Науқастың жағдайы ауыр. Төртінші дәрежелі күйік шалған. Аудандық аурухана дәрігерлері барлық көмекті көрсетіп жатыр. Анестезиолог-реаниматолог, комбустиолог медициналық авиациямен ауданға кетті. Баланың жағдайы тұрақты болған кезде облыстық медицина орталығының балалар стационарына әкелеміз», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Күштаева.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбенің Әйтеке би ауданы, Еңбекту ауылында көлік өртеніп, 3 жасар бала жанып кетті.

Екі бала үйдің ауласында тұрған «Ваз 2106» маркалы автокөлігінің салонында ойнаған.

Белгісіз себептермен автокөлік өртеніп, 7 жасар бала шығып үлгерді.

Соңғы жаңалықтар