Ақтөбеде көлік қаққан велосипедші ауруханада көз жұмды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде жолда көлік қағып кеткен велосипедші ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқыс оқиға Ақтөбе қаласында болған. «Opel Omega» автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі жолда велосипед жүргізушісін қағып кеткен. Салдарынан 48 жастағы ер адам түрлі дене жарақатын алып, Жедел медициналық жәрдем ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды.

«Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады. Өкінішке қарай, құтқару мүмкін болмады. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, жыл басынан бері велосипедшілердің қатысуымен 5 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Велосипед айдаған 4 адам қаза болды.

«Көп жағдайларда велосипедшілер жол қозғалыс ережелерін бұзған. Жаяу жүргіншілер жолында велосипедті айдап өтуге болмайды. Қарапайым ережелерді сақтау адам өмірін сақтайтынын ұғынғанымыз жөн», - деді облыстық ПД баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар