Ақтөбеде көлік ішінен газдан уланған екі адамның денесі табылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде көлік ішінен екі адамның денесі табылды. Болжам бойынша олар газға тұншығып қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 28 қараша күні сағат 17:32-де тіркелді.

Ақтөбе қаласындағы №7 гараж кооперативіне тиесілі гараждардың бірінде «ВАЗ-21099» автокөлігінен 50 жастағы ер адам мен 49 жастағы әйелдің денесі табылды.

Мүрдеде зорлық-зомбылық белгілері анықталмады.

«Болжам бойынша олар газдан уланып, көз жұмған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Газ немесе көміртегі тотығы (CO) қауіпті. Оның түсі де, дәмі де, иісі де жоқ болғандықтан алғашында айтарлықтай әсері болмайды. Ішкі организмге енген уақытта адам улана бастайды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Соңғы жаңалықтар