+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Ақтөбеде көлік ішінде үш жасар баланың жанып кетуі: Екінші бала да көз жұмды

2021 жылғы 17 маусым 12:06
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде көлік ішінде үш жасар баланың жанып кетуі: Екінші бала да көз жұмды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде көлік өртеніп, 3 жасар бала жанып кетті. Көп ұзамай 7 жастағы бала да көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысында екі қабатты дүкен өртеніп кетті Петропавлдағы сауналардың бірінен шыққан өрт сөндірілді СҚО-да жүк көлігі полицейлердің бақылау бекетіне соғылды

«2014 жылы туған бала денесінің 80 пайызын күйік шалып, Әйтеке би аудандық ауруханасына жеткізілген. Жансақтау бөлімінде ем жүргізілді. Медициналық авиациямен барған мамандар да көмек көрсетті. Өкінішке қарай, ем нәтижесі болмай, бала кеше түнгі 12-де көз жұмды. Оның тыныс алу жолдарын күйік шалған», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Күштаева.

Еске салсақ, кеше Әйтеке би ауданы, Еңбек ту ауылында екі бала үйдің ауласында тұрған «Ваз 2106» маркалы автокөлігінің салонында ойнаған. Белгісіз себептермен автокөлік өртеніп, 7 жасар бала шығып үлгерді. Ал 3 жасар бала өртеніп кетті.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жыл басынан бері 63 көлік жанып кетті. Оның 15-і жүк, 44-і жеңіл көлік болса, біреуі автобус, біреуі теміржолда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT